Университетте «Экономика және маркетинг» кафедрасы ұйымдастырған «Маркетинг стратегиясы: қалай жасап, жүзеге асыру керек» тақырыбындағы ғылыми семинар өтті.
Спикер ретінде шақырылған сарапшы сөз сөйледі – Элеонора Асанова , халықаралық және қазақстандық компанияларда 20 жылдан астам тәжірибесі бар маркетолог және стратег, сондай-ақ э.ғ.к., профессор Дарибаева А.К. , кафедраның жетекші оқытушысы. Олар өзекті тәжірибелер мен өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.
Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың стратегиялық маркетинг саласындағы ғылыми-практикалық құзыреттілігін арттыру және кәсіби тәжірибе алмасу алаңын құру.
Жоғары бәсекелестік жағдайында компаниялар нарықты, тұтынушыларды нақты түсінуді және тиімді позициялауды қажет етеді, сондықтан маркетингтік стратегия әзірлеу экономика мен басқару саласының мамандары үшін негізгі міндет болып табылады.
Семинар барысында қаралған мәселелер:
- маркетингтік стратегияларды әзірлеудің қазіргі заманғы тәсілдері;
- нарықты талдау және тұтынушылар мінез-құлқының әдістері;
- стратегиялық жоспарлау және бренд-менеджмент құралдары;
- стратегияны цифрлық ортада іске асырудың ерекшеліктері;
- табысты компаниялардың практикалық кейстері.
Семинарға «Экономика және маркетинг» кафедрасының оқытушылары, «Маркетинг» ББ магистранттары және экономикалық бағыттардың студенттері қатысты. Баяндамалардан кейін стратегиялық маркетингтің өзекті мәселелері мен саланың даму тенденциялары талқыланған дискуссия өтті.