Esil University-де РМУ «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырып, университеттің қолдауымен «Менің туым — менің Отаным» патриоттық акциясы аясында ақпараттық-танымдық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты — мемлекеттік рәміздерді насихаттау, олардың тарихымен таныстыру және жастар арасында патриотизм сезімін нығайту. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми қоғамдастық мүшелері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге қызығушылық танытатын азаматтар қатысты.
Семинар бағдарламасы шеңберінде геральдика мен нумизматиканың тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды, онда қатысушыларға бірегей материалдар ұсынылды. «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РМУ қызметі туралы баяндамалармен директордың м.а. Мырзаханов Әділхайыр Ерзатұлы сөз сөйледі; мемлекеттік нышандар тарихы туралы баяндамалармен бөлім басшысы Біжанов Асылжан Самиголлұлы сөз сөйледі; мемлекеттік нышандарды пайдалану мәселелері бойынша бас маман Оразаев Сұлтан Берікұлы баяндама жасады.
Мемлекеттік рәміздерге қатысты жауапкершілік түрлері бойынша түсіндірмелер берілді. Семинар барысында қатысушылар өз ойларымен бөліскен пікірталас өтті. Қатысушылар үшін арнайы викторина ойыны ұйымдастырылды, жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік төс белгілер табысталды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік нышандардың маңызы, оларды дұрыс пайдалану тәртібі және олар үшін заңды жауапкершілік туралы толығырақ ақпарат алды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті және қатысушылардың оң пікірлерін алды.