Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Тіл саясаты тұжырымдамасы бойынша семинарды университет оқытушысы өткізді

Қазақстан халқының тілдер мерекесін тойлау аясында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Астана бойынша департаменті «Қазақстандағы тіл саясаты тұжырымдамасы» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Семинарды филология ғылымдарының кандидаты, университет оқытушысы Біржан Ануарбекұлы Жақыпбеков жүргізді. Қатысушылар 2023 жылғы 16 қазандағы ҚР Үкіметінің №914 қаулысымен бекітілген 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясатын дамыту тұжырымдамасының негізгі ережелерін, сондай-ақ елдегі тілдік ортаны қалыптастыру мен дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Тіл саясаты тұжырымдамасы бойынша семинарды университет оқытушысы өткіздіТіл саясаты тұжырымдамасы бойынша семинарды университет оқытушысы өткізді

Іс-шара мемлекеттік тіл саясаты туралы хабардарлықты арттыру Департаменті жұмысы аясында өтті.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық