«JAS QADAM» қоғамдық қоры студенттер мен жас отбасылар үшін жеке тұлғаның дамуы бойынша курстар өткізеді. Жоба аясында 3 наурызда «Менеджмент» кафедрасының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» БП студенттеріне арналған «Репродуктивті денсаулық» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Семинар «Astana Clinic» ЖШС тәжірибелі және білікті мамандарының — акушер-гинеколог Ондашева Айдын Мейрамбекованың және уролог Закариа Ханай Сабитовичтің қатысуымен топтық форматта өтті.

