11 сәуірде Esil University-де «Жастар және XXI ғасыр ғылымы: шындық пен перспективалар» Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы аясында «Мемлекет пен бизнес қатынастар жүйесіндегі есеп, аудит және бағалау» секциясының отырысы өтті.
Іс-шараға баяндамаларын сырттай да, күндізгі де нысанда ұсынған 29 автор қатысты. Секция ғылыми-практикалық бағытта өтіп, қатысушыларға пікір алмасуға, зерттеу нәтижелерін ұсынуға және сарапшылардан құнды ұсынымдар алуға мүмкіндік берді. Секцияның модераторы э.ғ.к., профессор м.а., кафедра меңгерушісі Бекжанова Т.К. болды.
Лучшим докладом секции признана работа Туленбековой С.С. на тему «Цифровые технологии в системе налогового администрирования» (научный руководитель — д.э.н., профессор Алиев М.К.). Наиболее активными участниками стали Садирбай Д.С. и Төлепберген Н.Б.
Тыңдалған баяндамалардың нәтижелері бойынша марапатталды:
• I дәрежелі диплом: Туленбекова С.С. (ғылыми жетекші — Әліев М.Қ.) • Диплом II степени: Садирбай Д.С. (научный руководитель — Успанбаева М.К.), Төлепберген Н.Б. (научный руководитель — Бекжанова Т.К.) • III дәрежелі диплом: Жүкенова И.Е. (ғылыми жетекші — Абдурахманов М.А.), Балтабек Д. (ғылыми жетекші — Абдурахманов М.А.), Утибаева Л.А. (ғылыми жетекші — Михайлина И.Н.)
Секция студенттер мен оқытушылар арасында өзекті мәселелерді талқылауға және тәжірибе алмасуға арналған алаңға айналды, есеп, аудит және бағалау саласындағы жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал етті.