«Экономика және маркетинг» кафедрасы Эк-25/1 К және МЭ-25/1 К топтары үшін «Астанада пластикті сорттау мен қайта өңдеудің маңыздылығы» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға пластикалық қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін кері әсері, қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастырудың маңызы және экологиялық жауапкершілікті арттыру туралы айтылды.
Қалдықтарды сорттау халық арасында экологиялық жауапкершілікті мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептерде, жоғары оқу орындарында және әртүрлі ұйымдарда экологиялық акциялар үнемі өткізіліп тұрады, және біздің университетіміз де осы маңызды іске өз үлесін қосады. Мұндай іс-шаралар қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.


