«Ақпараттық жүйелер 25/1» тобында куратор Бейсенова А.Ж. және Мусаканова Г.Е. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Іс-шара барысында Мемлекеттік гимн орындалды, Қазақстанның тәуелсіздікке апарған жолы туралы презентация ұсынылды, сондай-ақ 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына арналған «Желтоқсан — бостандық ұраны» сахналық қойылымы көрсетілді. Студенттер интерактивті викторинаға және бағдарламаның музыкалық бөліміне белсене қатысты.

