2024 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15:00-де «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының э.ғ.к., доценті Баяндинова А.М.-ның «Туризм» ОБ-ның 2 және 4 курс студенттеріне арналған «Қонақ үй бизнесі: ұйымдастыру және жоспарлау» тақырыбындағы дәрісі елдің үздік қонақ үйлерінің бірі «St. Regis Astana»-да өтті.
Дәрісті өткізгендер тренинг-менеджер Супервайзер Айдана Исабаева және қонақ үйдің HR-супервайзері Алуа Бекбосынова.
Экскурсия мен дәріс барысында олар қонақүй франчайзингінің жұмысының, қонақүй ісін ұйымдастырудың, персоналмен жұмыстың, нөмірлерге қызмет көрсету бөлімі мен СПА-ның негізгі аспектілерін баяндады. Студенттер қонақүй бизнесінде көптеген жаңа терминдерді үйренді. Одан әрі барлық бөлімшелер мен олардың жұмысының ерекшеліктері, мейрамханалар, нөмірлік қор, конференц-залдар көрсетілді. Қонақүйдің тарихы, тек осы қонақүйге тән ерекше ритуалдар, дизайн, суреттер және қонақүйдің безендірілуі өте қызықты түрде баяндалды. Олар қонақүй желісінің ішінде бүкіл әлем бойынша мансаптық өсу кадрлық саясатының сақталатынын атап өтті. Компанияның философиясы персоналға үлкен перспективалар ашады, бұл қонақүй бизнесінде мансапты дамытудың үздік үлгісі болып табылады.
Сабақ студенттерде үлкен қызығушылық туғызды, олар сұрақтар қойып, қонақжайлылық индустриясындағы мансаптық даму болашағын талқылады.