«Қаржы» кафедрасы коммерциялық банктің карталық өнімдерінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары» тақырыбында 2-курс студенттеріне «Фридом банк Қазахстан» АҚ қызметкерлері өткізген қонақ лекциясын ұйымдастырды. Банктің корпоративтік бизнес басқармасының бастығы Əлиев З.А. жеке және заңды тұлғалардың төлем карталарын пайдалану шарттары мен ережелері, банктің карталық өнімдерінің артықшылықтары туралы баяндады. Жалақы жобасы бойынша толық ақпарат берілді. Тыңдаушылар ақпаратқа қызығушылық танытып, банк қызметі туралы сұрақтар қойды. Лектор сондай-ақ банктің басқа өнімдеріне тоқталып, жақын жылдарға арналған жоспарлар мен перспективалар туралы айтты. Лекция материалы экономикалық мамандықтардың профилдік пәндері, атап айтқанда «Қаржы» ОБ бойынша практикалық білімді меңгеруге ықпал етеді.
«Коммерциялық банктің карта өнімдерінің мүмкіндіктері мен артықшылықтары» тақырыбында қонақ дәріс өткізу

