Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Қазақ тілін талдауға арналған IT-бағдарлама таныстырылды

29 мамырда Астананың Ұлттық кітапханасында жасанды интеллектті пайдалана отырып қазақ сөздеріндегі дыбыс тіркестерінің бұзылуын анықтауға арналған «Qazemle IT» бағдарламасының презентациясы өтті.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті жобасы аясында әзірленген.

Қазақ тілін талдауға арналған IT-бағдарлама таныстырылдыҚазақ тілін талдауға арналған IT-бағдарлама таныстырылды

Іс-шараға Esil University-дің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Досанова А.Ж., сондай-ақ филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Жақыпбеков Б.А. қатысты.

Кездесуді ұйымдастырушы мемлекеттік тіл дамыту институтының атқарушы директоры Бижомарт Капалбек болды.

Сонымен қатар, кездесуде Мәжіліс Парламентінің депутаты Нұртөре Жүсіп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология ғылымдарының докторы, профессоры Орынай Жұбай, С.Ж. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы Төлеубек Зайсанбаев және басқа ғалымдар сөз сөйледі.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық