Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Менеджмент» кафедрасында геймификация элементтері бар практикалық сабақ өтті

«Менеджмент» кафедрасында аға оқытушы Иманова Г.К. өткізген «Сапа менеджменті» пәні бойынша «Сапа менеджментіне арналған шығындарды реттеу» тақырыбында практикалық сабақ өтті.

Сабақ студенттердің оқу үдерісіне қатысуын арттыруға бағытталған геймификациялық тәсілдерді қолдана отырып, интерактивті форматта өтті. Сабақ барысында 3-курс студенттері практикалық кейстермен жұмыс жасады, сондай-ақ Quick quiz форматындағы онлайн-тестілеуге қатысты, бұл оларға теориялық білімдерін бекітіп, практикада қолдануға мүмкіндік берді.

«Менеджмент» кафедрасында геймификация элементтері бар практикалық сабақ өтті

Геймификация элементтерін қолдану команда жұмысы дағдыларын дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға және оқу материалын тиімдірек меңгеруге ықпал етті.

Мұндай оқыту форматы білім беру процесін неғұрлым серпінді және практикаға бағдарланған етеді, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық