Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Құқықтанушылар криминалистикалық техниканы тәжірибеде үйренді

Esil University-де «Құқық» мамандығының 3-курс студенттері үшін «Құқық» кафедрасының меңгерушісі Асқар Қалиев Астана қалалық полиция басқармасы жанындағы полигонда «Оқиға болған жерді қарап тексеру» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.

Студенттер дәлелдемелерді іздеу мен зерттеу әдістерін практикада меңгерді: пәтерді, көшені және оқиға болған басқа жерлерді модельдеу, биологиялық, трасологиялық және баллистикалық дәлелдемелермен жұмыс жасау, дактилоскопия, ДНҚ-талдауға арналған үлгілерді жинау және іздерді сәйкестендіру.

Құқықтанушылар криминалистикалық техниканы тәжірибеде үйрендіҚұқықтанушылар криминалистикалық техниканы тәжірибеде үйренді

Сабақ студенттерге заманауи криминалистикалық техниканы және дәлелдемелермен жұмыс тактикасын меңгеруге мүмкіндік берді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық