«Менеджмент» кафедрасының аптасы шеңберінде «Борышсыз қоғам — тұрақты республиканың кепілі: тиімді басқарудың рөлі» тақырыбында панельдік сессия өтті. Іс-шараның мақсаты халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтардың қарыз қаражатына тәуелділігін азайту, сондай-ақ тұрақты қоғамды қалыптастырудағы мемлекеттік саясат пен тиімді басқарудың рөлін талқылау болды.
Сессияның құрметті қонағы және негізгі спикері ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам және мемлекет қайраткері Мұқаев Дәулет сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында азаматтардың қаржылық мәдениетін дамытуға және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамаларды қарастырып, мемлекеттік де, жеке деңгейде де жауапты басқарудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар қаржылық сауаттылықты арттырудың өзекті мәселелерін, «Борышсыз қоғам» идеясының әлеуметтік ықпалын, сондай-ақ жастардың қаржылық жауапкершілігін қалыптастырудағы тиімді менеджмент пен білім берудің рөлін талқылады. Бұдан басқа, мемлекеттік және жеке сектор арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, бірлескен әлеуметтік және білім беру жобаларын іске асыру жолдары қарастырылды.
Сессия барысында мынадай негізгі мәселелер талқыланды:
Панельдік сессия ашық талқылау форматында өтіп, баяндамаларды, сұрақ-жауап сессиясын, сондай-ақ қысқа студенттік презентацияларды қамтыды. Талқылау қорытындысы бойынша халықтың қаржылық сауаттылығын дамытуға және жауапты басқару мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар жасалып, қорытынды резолюция қабылданды.
Іс-шараның соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді ұстанымдары мен конструктивті ұсыныстары үшін алғыс білдірді.