2021 жылдың 8-10 қыркүйегінде Алматы қаласындағы «Тұран» университеті базасында университетіміздің студенттері инновациялық бизнес-жаңалықтар фестивалі шеңберіндегі «Жастар Start Up» инновациялық бизнес-жобалар республикалық байқауына қатысып, 3-жүлделі орын иеленді. PhD докторы, доцент м.а. Мұхамеджанова А.А. жетекшілігімен Новиков Денис, Рыспаева Анелия және Қалқенов Әділ «Қазақстандық тауарды франшиза арқылы жылжыту (нақты стартап франшизасы мысалында)» жобасын ұсынды.
Стартап жобалардың Республикалық байқауының жеңімпаздары


