24 сәуірде мансап аптасы аясында «Қаржы» кафедрасында «Түйіндеме жасау және сұхбатқа дайындалу. Жұмыс берушіні қалай қызықтыруға болады?» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Спикер ретінде HR-консультант Ахметова Зарина шықты.
Іс-шара барысында студенттер түйіндемені дұрыс жасауды, негізгі құзыреттіліктерді атап көрсетуді және сұхбатқа дайындалуды үйренді. Өзін-өзі таныстыру бойынша практикалық ұсыныстарға және жұмыс іздеудің стратегиялық тәсіліне ерекше назар аударылды.


