«Экономика және маркетинг» кафедрасының Апталығы аясында «Тарифтік соғыстар Қазақстан экономикасының заманауи жағдайларға бейімделу факторы ретінде» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Спикер — Нұрсейітов Азамат Айткалиевич, э.ғ.к., доцент, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Сараптама орталығының жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ.).
Семинар барысында тарифтік соғыстардың заманауи үрдістері, олардың елдердің экономикалық стратегиясына, сондай-ақ жаһандық тұрақсыздық жағдайындағы Қазақстанның ұлттық экономикасының бейімделуіне тигізетін әсері егжей-тегжейлі қарастырылды. Практикалық аспектілерге — нақты кейстерді талдауға және сыртқыэкономикалық қатынастарды реттеу механизмдеріне ерекше назар аударылды.

