2023 ж. 5 қазанЖаңалықтар
«Есеп және аудит» кафедрасындағы ғылыми семинар: ҚР салық заңнамасының өзекті мәселелерін талқылау
«Есеп және аудит» кафедрасының апталығы аясында PhD, кафедраның ассоциацияланған профессоры Юсупов У.Б. ұйымдастырған «2023 жылғы ҚР салық заңнамасының өзекті мәселелері» атты ғылыми семинар өтті.
Бухгалтер күніне арналған іс-шара барысында 2023 жылға арналған ҚР салық заңнамасындағы маңызды өзгерістер қарастырылды. Жоғарғы сот Қаулысын қоса алғанда, камералдық бақылау мен салық заңнамасын қолданудағы өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Студенттерге салық есептілігі деректерін және басқа да құжаттарды талдау негізінде тәуекел критерийлерінің қалай қалыптасатыны көрсетілді. «Электронды еңбек биржасы», «отбасының цифрлық картасы», «платформалық жұмыспен қамту» және басқа да ұғымдар түсіндірілді.
Семинар қатысушылары салық заңнамасындағы өзгерістерді талқылауға белсенді қатысып, қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.