Esil University-дің «Менеджмент» кафедрасы «Білімдегі менеджмент: цифрлық трансформация аясындағы жаңа қиындықтар мен тенденциялар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің модераторлары э.ғ.к., профессор Есімханова З.Қ., э.ғ.к., доцент Мұхамбетова Л.Қ. болды. Дөңгелек үстел жұмысына жоғары мектептегі заманауи оқытудың өзекті трендтерін талқылаған ресейлік және қазақстандық ғалымдар қатысты.


