Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Куратор құқықтық сауаттылық пен әйелдерді қорғау бойынша сағат өткізді

«Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының 2-курс Тур-24/1 Р тобының кураторы Баяндинова Алмас Мұзатқызы психолог, кафедра оқытушысы Құрманғалиева Ж.Қ.-ны шақыра отырып кураторлық сағат өткізді.

Кездесу барысында елімізде 9 ақпаннан 8 наурызға дейін халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және некеге мәжбүрлеуге, сталкингке және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың өзге де нысандарына нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық науқан туралы мәлімет берілді.

Куратор құқықтық сауаттылық пен әйелдерді қорғау бойынша сағат өткізді

Студенттерге одан әрі жұмыс жасау үшін әдістемелік және ақпараттық материалдар жіберілді. Куратор іс-шараларды топтардың жұмыс жоспарларына (соның ішінде «Заң және Тәртіп» бағыты шеңберінде) енгізудің және жұмыстың дәстүрлі де, ауқымды және шығармашылық нысандарын да ұйымдастырудың қажеттілігін атап өтті.

Шақырылған психолог жаңа заңнаманың ережелерін түсіндірді, студенттердің сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ оқушыларды зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін ұйымдардың қызметімен таныстырды.

Кураторлық сағат барысында студенттер белсенділік таныта отырып, қызықтырған сұрақтарын қойды және ақпаратты одан әрі жұмыс үшін қабылдады.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық