«Ақпараттық жүйелер мен технологиялар» кафедрасында Б ИЖ-24/1 Р тобының студенттерімен «Академиялық адалдық — студенттің кәсіби және жеке жауапкершілігінің негізі» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Куратор Ақмолдина А.И. академиялық адалдықтың әрбір студенттің кәсіби мәдениеті мен жеке жауапкершілігінің маңызды көрсеткіші ретіндегі мәнін атап өтті. Кездесу барысында оқу тапсырмаларын өз бетінше орындау қағидаттары, плагиатқа және жалған деректерге жол бермеу, сондай-ақ білімге деген құрмет пен кәсіби этиканың көрінісі ретінде адалдықтың маңызы талқыланды.

