Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу аясында «Қаржы» кафедрасының аға кураторы Нұржан Сартбай студенттермен куратор сағатын өткізді.
Кездесу барысында Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің нышандары ретіндегі ту, елтаңба және гимннің тарихы мен маңызы баяндалды. Ол мемлекеттік нышандарға құрметпен қараудың маңыздылығы мен олардың жастарда патриотизмді тәрбиелеудегі рөліне назар аударды.


