Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Есеп және аудит» кафедрасы студенттерге ашық сабақ өткізді

«Есеп және аудит» кафедрасында бухгалтерлік есеп аптасын мерекелеу аясында «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері үшін PhD, кафедра профессорының м.а. Тусибаева Г.С. ұйымдастыруымен «Лабиринт» іскерлік ойыны түріндегі ашық сабақ өткізілді.

Ойынға екі команда қатысты: «Тәуелсіздік» және «Жетістіккерлер». Ойын бірнеше кезеңнен тұрды, олар шартты түрде пәндердің теориялық материалын білу, құжаттармен жұмыс жасай білу, шоттар корреспонденциясын жасау және жұмыс нәтижелерін бағалауға бөлінді.

«Есеп және аудит» кафедрасы студенттерге ашық сабақ өткізді«Есеп және аудит» кафедрасы студенттерге ашық сабақ өткізді

Командалар берілген жағдайларды талдауға белсенді кірісіп, аудит негіздері бойынша алған білімдерін практикада қолданды. Ойын барысында әрбір қатысушы кәсіби этиканы көрсетіп, сауатты басқарушылық шешімдер қабылдады.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық