Куратор, т.ғ.д., профессор Оразбаева Қ.Н. 23/1қаз Б-Мен, Б-ГМУ 23/1қаз топтарының 1-курс студенттеріне кураторлық сағаттың тақырыбы — «Харассмент деген не?» туралы айтты, сондай-ақ елімізде қорлауға ұшырайтын адамдар саны күннен күнге өсіп жатқанын түсіндірді.
«Харассмент» терминін біз жиі естиміз. Харассмент — адамға физикалық қысым жасау, зорлық-зомбылық, қорлаушы сөздермен, хабарламалармен бопсалау, адамды қорлау, жеке шекараларды бұзу. Кез келген ортада, жұмыста осындай әрекеттерден аулақ болу үшін харассменттің не екенін және оның қанша түрі бар екенін білу маңызды.

