Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Мемлекеттік статистикадағы мансап: Esil University-де сарапшының қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Esil University-де «Мемлекеттік статистика органдарындағы мансап» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Б-Ст-25/1 Р, Б-Ст-25/1 Қ, Б-Ст-24/1 Р және Б-Ст-24/1 Қ топтарының студенттері қатысты. Кездесудің модераторы болып респонденттер мен әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылау басқармасының аға басшысы Кінжагұлова Сауле болды.

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік статистика жүйесіндегі кәсіби дамумен байланысты негізгі мәселелер қарастырылды. Қатысушылар салалық мамандарға қойылатын талаптарды, қажетті құзыреттерді, сондай-ақ мансап траекториясын құрудың ерекшеліктерін талқылады.

Мемлекеттік статистикадағы мансап: Esil University-де сарапшының қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Модератор мемлекеттік статистика органдарының құрылымы, респонденттермен және әкімшілік деректермен жұмыс істеудің ерекшеліктері, сондай-ақ статистикалық ақпарат сапасын бақылаудың маңызы туралы толық баяндады.

Жас мамандарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктеріне, тағылымдамадан өтуге және мансаптық өсу перспективаларына ерекше назар аударылды. Студенттер статистикалық бақылауларға қатысуды, деректерді өңдеу мен талдауды, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды қоса алғанда, жұмыстың практикалық аспектілерімен танысты.

Ашық диалог форматында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды, нақты кейстерді талқылады және кәсіби дағдыларды дамыту бойынша практикалық ұсынымдар алды.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық