Қазіргі студент жастарының тұлғааралық қарым-қатынастағы зорлық-зомбылық мәселесіне деген көзқарасын анықтау мақсатында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттеріне «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының оқытушысы Арыстанова З.С. «Мекемелердегі әлеуметтік жұмыс қызметтерін басқару» пәні бойынша «Зорлық-зомбылықсыз әлем — бірге жеңеміз» тренинг элементтері бар қорытынды сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттердің басым бөлігі үшін зорлық-зомбылық ең алдымен физикалық әсермен байланысты екені анықталды (ауырту, дене денсаулығына зиян келтіру және т.б.). Студенттердің тек аз ғана бөлігі зорлық-зомбылық — бұл ең алдымен басқа адамға моральдық, психологиялық әсер ету (оның психикалық денсаулығына зиян келтіру) деп санайды.


