Esil University-де Академиялық адалдық лигасы ұйымдастырған және университет ортасында академиялық адалдық қағидаттарын институционализациялауға және практикалық енгізуге арналған оқу семинары аяқталды.
Тренерами семинара выступили Нұргүл Нұрлан, AIL, Project Office Head, и Джемалединова Инна Михайловна, руководитель антикоррупционной комплаенс-службы СКУ.
Іс-шараға университет басшылығы, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, профессорлық-оқытушылық құрам, студент қоғамының өкілдері, сондай-ақ жоғары білім саласындағы сарапшылар қатысты. Семинар жоғары білім жүйесінде адалдық мәдениетін қалыптастыру бойынша кәсіби диалог жүргізуге және практикалық құралдармен алмасуға арналған маңызды алаңға айналды.
Семинардың бірінші күні қатысушылар академиялық адалдықты университеттің басқарушылық және білім беру процестеріне енгізудің практикалық тетіктерін қарастырды, сондай-ақ жоғары оқу орындарының типтік тәуекелдері мен қателіктері талданды.
Семинардың екінші күні қатысушылар академиялық адалдықты тұрақты енгізу, әкімшілік персоналдың рөлі және ішкі саясатты дамыту мәселелерін талқылады. Қорытынды бойынша жүйелік мониторинг үшін академиялық адалдықты бағалаудың үш жылдық жоспары қалыптастырылды.
Esil University ректоры, экономика ғылымдарының докторы Аяпберген Таубаев осындай бастамалардың қазіргі заманғы университеттің дамуы үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті:
«Академиялық адалдық — университетке, білім сапасына және түлекке деген сенімнің іргетасы. Esil University үшін тек формальды талаптарды орындап қою емес, оқытушыларды, қызметкерлер мен студенттерді тарта отырып, адалдықтың тұтас мәдениетін қалыптастыру маңызды. Мұндай семинарлар жарияланымдардан нақты басқарушылық және білім беру шешімдеріне көшуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті ректор.
Семинар қатысушыларына сертификаттар тапсыру рәсімі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның қатысуымен өтті, ол қатысушыларға белсенді қатысқаны және Лига бастамаларын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, Қазақстанда академиялық адалдықты насихаттау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы айтып берді.