«Астана Клиник» терапевті Макпал Илибаева студенттерге «Туберкулезге қарсы күрестің дүниежүзілік күні» тақырыбында семинар өткізді, ол жыл сайын 24 наурызда аталатын халықаралық күнге орайластырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – туберкулез мәселесі, оның алдын алу және емдеу шаралары туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ аурумен күрес жөніндегі күш-жігерді жұмылдыру. Дәрігерлер студенттерге инфекцияның таралу жолдары, белгілері және ерте диагностиканың маңыздылығы туралы айтып, вакцинацияның, салауатты өмір салтының және жүйелі медициналық тексерулердің маңыздылығын атап өтті.


