«Есеп және аудит» кафедрасының апталығы аясында студенттер арасында іскерлік ойын табысты өтті, оның мақсаты — әрбір қатысушының жеке қызығушылығын ынталандыру, ойын барысында студенттердің өзара іс-қимылын нығайту және командалық жұмыс дағдыларын дамыту болды.
Екі команда да жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бухгалтерлік есеп саласындағы білімдерін белсенді түрде демонстрациялады. Ойын қорытындысы бойынша капитан Чумак Виориканың басшылығымен «Пассив» командасы жеңіске жетті.


