2025 ж. 31 қазанЖаңалықтар
Esil University-де «ҚҚС 16%: мүмкіндіктер ме әлде қиындықтар ма?» дебат турнирі өтті
Esil University-дің қабырғасында Менеджмент кафедрасы апталығы аясында кафедраның аға оқытушысы Шәрімова Мағираш Қайырбекқызы және Менеджмент ОП 3-курс студенттерімен «ҚҚС 16%. Мүмкіндіктер ме әлде қиындықтар ма?» тақырыбында Дебаттық турнир өткізілді.
Қатысушылар осы тақырып бойынша экономикадағы нақты жағдайды дәлелді түрде ұсынып, өздерінің көзқарасы мен нарықтағы алдағы өзгерістердің болашақ перспективасы туралы тыңдаушыларды сендіруге тырысты.


Менеджмент кафедрасының меңгерушісі Байгіреева Жанар Замашевна бастаған профессор-оқытушылар құрамы дебатерлердің дәлелдерін бағалады. Менеджмент БП және ММУ БП студенттері дебатерлерге белсенді сұрақтар қойып, қазіргі қоғамда өзекті болып отырған тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді.
Дебат қорытындысы бойынша барлық көрермендер аргументтері сенімдірек және маңыздырақ болған командаларға дауыс берді. I дәрежелі Дипломдармен студенттер Талғатов Темірлан мен Малярчук Анастасия марапатталды. II дәрежелі Дипломдармен студенттер Көкенов Ілияс пен Филипенко Иван марапатталды.