Esil University «Құқық» кафедрасының меңгерушісі Асқар Қалиевтің бастамасымен «Құқық» мамандығының 2-курс студенттері үшін қонақ дәрісі ұйымдастырылды.
Дәрісті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының аға оқытушысы Тулебай Мұқұшов жүргізді. Кездесу барысында қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Электрондық қылмыстық іс» талқыланды.


