Мансап орталығы апталығы аясында Esil University «Қаржы» кафедрасында «Мансаптық шеберліктің сырлары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Іс-шара бизнес және қаржы саласының мамандарының қатысуымен өтті: университет түлектері қауымдастығының мүшелері, бизнес-тренер, life коуч, мотивациялық спикер, «Болашақ» БҮО тәлімгері, «Imperial College London» Бизнес мектебінің ғылыми қызметкері Айгерім Тарбағатаева және Астана қаласындағы «Фридом финанс банк» АҚ корпоративтік бизнес басқармасының бастығы Захир Алиев.


