Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де қаржылық қауіпсіздік бойынша семинар өтті

Esil University-де «Цифрлық кеңістіктегі қаржылық қауіпсіздік» тақырыбындағы семинар өтті.

Іс-шараның басты мақсаты студенттердің заманауи киберқауіптер мен цифрлық ортадағы алаяқтық нысандары туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ онлайн-банкинг, цифрлық әмияндар және өзге де қаржылық сервистерді қауіпсіз пайдалану практикалық дағдыларын қалыптастыру болды.

Esil University-де қаржылық қауіпсіздік бойынша семинар өттіEsil University-де қаржылық қауіпсіздік бойынша семинар өтті

Семинар жұмысына қатысқандар: • Ізмайлова Айнура, «ҚР ҰБ Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ-ның өкілі; • Қонысбек Айдар Болысбекұлы, сотрудник Управления по противодействию киберпреступности Департамента полиции города Астаны; • ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері — Акмаев Дмитрий Игоревич және Шабанова Нургүл Нурдиновна.

Баяндамалар барысында цифрлық кеңістіктегі әлеуметтік инженерия, фишинг, скимминг және басқа да алаяқтық практикалардың көріністерімен байланысты өзекті мәселелер қарастырылды. Киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың заңнамалық шараларына және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен белгіленген жауапкершілікке ерекше назар аударылды.

Семинардың жеке блогы қаржылық сауаттылық мәселелеріне және студенттерде заманауи қаржы құралдарын қауіпсіз пайдалану саласындағы тұрақты құзыреттіліктерді қалыптастыруға арналды.

Әрбір баяндаманың соңында дискуссиялық сессия өтті, онда қатысушылар сұрақ қоюға және сарапшылардан түсініктеме алуға мүмкіндік алды.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық