Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де киберқылмыстың экономикаға әсері туралы айтылды

«Менеджмент» кафедрасы ұйымдастырған секциялық отырыста кафедраның аға оқытушысы, магистр Г.О. Тансықбаева «Киберқылмыстың ұлттық экономикаға әсері» тақырыбындағы баяндама жасады.

Киберқылмыс — жедел цифрландыру жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін өзекті мәселе. Ақпараттық жүйелерге заңсыз қол жеткізу, қаржылық алаяқтық, деректерді ұрлау және инфрақұрылымға шабуылдар мемлекет пен бизнеске елеулі материалдық зиян келтіреді.

Esil University-де киберқылмыстың экономикаға әсері туралы айтылды

Киберқылмыстың салдары қаржылық шығындардан асып кетеді: ол инвестициялық тартымдылықты төмендетеді, халықтың цифрлық қызметтерге деген сенімін сарқады және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Банк жүйесі, электрондық коммерция және мемлекеттік қызметтер саласы киберқатерлерге ерекше осал болады.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық