Esil University-де өткен дөңгелек үстел шеңберінде профильді пәндерді оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері талқыланды. Іс-шараның спикері ретінде Esil University-дің «Есеп және аудит» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Әлиев Мұрат Қапбарович сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел жұмысына Esil University «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары да қатысты: э.ғ.к., профессор м.а. Т.Қ. Бекжанова, э.ғ.д., профессор М.Қ. Алиев, э.ғ.к., доцент М.А. Абдурахманов, PhD, профессор м.а. М.А. Алтынбеков, э.ғ.к., доцент Л.Ж. Айтқожина, PhD, аға оқытушы М.Қ. Успамбаева, PhD, аға оқытушы К.Е. Шарипбекова.
«Статистика» білім беру бағдарламасының пәндерін оқыту әдістемесі университетте оқытылатын бүтін бір пән тобын біріктіреді. Бұл тәсіл шеңберінде циклдің барлық пәндеріне қатысты және осы циклді тұтастай сипаттайтын жалпы мәселелер айқындалады.
Іс-шара барысында «Бизнес және басқару» факультетінің «Есеп және аудит» және «Қаржы» мамандықтарының 2-курс оқытушылары мен студенттері жоғары мектепте бейіндік пәндерді оқытуда болашақ мамандардың заманауи кешенді әдістемелік-методологиялық, ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық тұрғысын қалыптастырудың негізгі бағыттарын талқылады.
Қорытындысында қатысушылар бейіндік пәндерді оқыту әдістемесі кәсіби білім берудің қажетті элементі және оқушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың негізі болып табылатынын атап өтті. Бұл кәсіби бағыттылық студенттердің білім деңгейін арттыруға ғана емес, сонымен бірге олардың болашақ мамандығын тереңірек түсінуіне де септігін тигізеді.
Дөңгелек үстел статистика ғылымының даму перспективаларын және оны нақты жағдайларда бейімдеуді талқылау үшін тиімді академиялық алаңға айналды.