Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Оқырман интуициясы: таңдау және тану» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

Esil University кітапханасында «Кітап күні» аясында ерекше форматта тәрбие сағаты өтті. «Менеджмент» мамандығының 1 курс студенттері (орыс тобы) «Кітап клубы» форматында ұйымдастырылған қазақ тілі сабағына қатысты. Іс-шараны әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доцент м.а., PhD Күрәлай Қабдешова жүргізді.

Тәрбие сағатында студенттер оқыған және белгілі көркем шығармалар туралы пікірлерімен бөлісті. Интерактивті тапсырмалар ерекше қызығушылық тудырды: қатысушылар сүйікті әдеби кейіпкерлердің бейнесінде келіп, оларды сипаттай отырып, басқаларға шығарманы болжауды ұсынды.

Esil University-де «Оқырман интуициясы: таңдау және тану» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

Сонымен қатар, студенттер әкелген кітаптардың мұқабаларын жасырып, олардың мазмұнын сипаттады, ал қалған қатысушылар сипаттама бойынша атауын анықтауға тырысты. Бұл тапсырмалар оқырман интуициясын дамытуға, мәтінді тереңірек түсінуге және қазақ тілінде ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Іс-шара нәтижесінде студенттердің кітап оқуға қызығушылығы артты, талдау, сыни ойлау және дәлелді сөйлеу дағдылары дамыды. «Кітап клубы» форматы еркін қарым-қатынас жасауға және қазақ тілін тиімді пайдалануға қолайлы жағдай туғызды.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық