ESIL University-де білім беру процесінде және инженерлік тәжірибеде жасанды интеллектті қолданудың өзекті мәселелеріне арналған шеберлік сабақтары сериясы өтті.
«ЖИ-ны оқу материалдарын дайындау процесінде пайдалану» тақырыбындағы бірінші шеберлік сабағын Ресей ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми ақпарат институтының өкілі (Мәскеу, Ресей), магистр Қаратеев Артем Юрьевич жүргізді.


