Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де «Қазақ-поляк қатынастары тарихынан 35 қызықты дерек» ашық дәрісі өтті

Esil University-де «Қазақ-польша қатынастары тарихынан 35 қызықты факт» тақырыбында ашық ғылыми-танымал лекция өтті. Іс-шара университет басшылығы, оқытушылар мен студенттерге арналып ұйымдастырылды.

Дәрісті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің доценті (м.а.), саясаттанушы және тарихшы Жандос Қаринбаев жүргізді. Кездесу барысында қазақ және поляк халықтарының тарихи байланыстары, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени және қоғамдық қатынастардың қалыптасуы туралы қызықты деректер ұсынылды.

Esil University-де «Қазақ-поляк қатынастары тарихынан 35 қызықты дерек» ашық дәрісі өттіEsil University-де «Қазақ-поляк қатынастары тарихынан 35 қызықты дерек» ашық дәрісі өтті

Іс-шараға сондай-ақ Қазақстандағы Польша Республикасының Уақытша іс жүргізушісі Михал Лабенда қатысып, екі халық арасындағы тарихи байланыстардың маңыздылығын атап өтті.

Дәрістің негізгі мақсаты — ғылымды насихаттау, этносаралық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ қазақ және поляк халқының көрнекті өкілдерінің мысалдары арқылы ортақ тарихтың жаңа аспектілерімен танысу. Спикер жаңа тарихи деректермен бөлісіп, екі ел арасындағы мәдени және қоғамдық байланыстардың дамуына ерекше назар аударды.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық