Esil University-дің 25 жылдығы аясында Индонезия, Латвия, Өзбекстан, Малайзия, Венгрия, Ресей ғалымдарының қатысуымен «Global Conference on Environmental Sustainability and Natural Resource Governance» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияда Мухаммадие Сидоарджо университетінің (Индонезия) заң факультетінің профессоры Мохаммад Танзил Мултазам «Blockchain and DeFi Technologies for Enhancing Transparency in Natural Resource Governance» тақырыбындағы баяндамасымен, Ташкент мемлекеттік экономика университетінің Самарқанд филиалының (Өзбекстан) экономика ғылымдарының кандидаты Бобур Сабиров «Creative Entrepreneurship: Building Economic Resilience through Innovation and Creativity» баяндамасымен, сондай-ақ Венгрия халықаралық қатынастар институтының бас кеңесшісі және аға ғылыми қызметкері Vasa Laszlo «Middle Corridor's Potential Role in the Integration of Central Euro-Asian Countries» тақырыбымен өз ғылыми еңбектерін ұсынды. Олардан басқа, басқа да шетелдік және отандық ғалымдар зерттеулерін таныстырды.


