Esil University-де Ресейдің Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің профессоры Петренко Елена Степановнаның қонақ дәрісі өтті. Дәріс экономикалық мамандықтардың оқытушылары, докторанттары мен магістранттары үшін ұйымдастырылды.
Дәріс «Бизнес экожүйелерінен платформалық экономикаға: жаңа технологиялық укладқа өту» деген өзекті тақырыпқа арналды. Іс-шара барысында профессор Петренко заманауи бизнес-экожүйелердің платформалық модельдерге қалай өзгеретіні және бұның дүниежүзілік экономиканың дамуына қалай әсер ететіні туралы егжей-тегжейлі баяндады.


