Esil University-де «Халықаралық сарапшылар көзімен заманауи бизнес-білім беру мәселелері мен қиындықтары» атты дөңгелек үстел-семинар өтті, онда Кембридж университетінің бизнес-мектебі профессорлары спикер ретінде сөз сөйледі.
Іс-шарада сонымен қатар Esil University қамқоршылық кеңесі мен директорлар кеңесінің мүшелері, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, «Атамекен» ҰКП өкілдері, Астана қаласының жоғары оқу орындары, сондай-ақ Esil University қызметкерлері қатысты.
«Бұл бізге озық шетелдік тәжірибені зерделеп, оны тәжірибелік қызметте пайдалануға бірегей мүмкіндік береді. Шетелдік әріптестерімізбен бірінші күні университет пен бизнес-мектептің даму стратегиясының форсайтын өткіздік. Бұл жалғыз іс-шара емес, ол әлемдік бизнес-білімнің жетекшісімен ынтымақтастығымыздың тек басы ғана. Шетелдік әріптестеріміздің тікелей қатысуымен біз оқушылардың талаптарына бейімделген, халықаралық стандарттарға сай білім беру қызметтерін ұсынатын боламыз», — деді ректор Аяпберген Таубаев.
Шахзад Ансари, PhD, Стратегия және инновация профессоры (Кембридж университеті) Strategy & Competitive Advantage атты дәріс оқыды, онда менеджменттегі жаһандық трендтерді және жасанды интеллектті стратегиялық міндеттерді шешуге қолдану мүмкіндіктерін ескере отырып, бизнес-білімнің қазіргі даму кезеңінің өзекті мәселелері мен сұрақтарын егжей-тегжейлі қарастырды. Дәріс интерактивті форматта өтті, бұл тыңдаушыларға дүниежүзілік деңгейдегі маман-профессормен белсенді пікірталас жүргізуге мүмкіндік берді. Shahzad Ansari мұндай кездесу оған Қазақстанның бизнес-мектептерінің қызметі туралы кең мәлімет берді және Esil University-мен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жақсы мүмкіндік болды деп атап өтті.
Judge Business School (Кембридж университеті) стратегия пәнінің оқытушысы және Strategize Inc. білім технологиялары компаниясының бас директоры Хамза Мудассир «Деструктивті инновацияны қайта анықтау» тақырыбында презентация ұсынып, симуляциялық технологиялардың білім алушылардың білімді меңгеруін дәстүрлі оқу нысандарымен салыстырғанда жоғарылатудағы жоғары мүмкіндіктерін таныстырды. Мұндай технологиялар әлем жетекші университеттерінде әзірше ғана жасалып жатыр, бірақ Хамза Мудассир бұл оқыту платформасын Esil University базасында Қазақстанның болашақ кәсіпкерлері үшін локализациялауды ұсынды.
Дөңгелек үстел — семинар қорытындысы бойынша қазақстандық бизнес-мектептердің білім беру бағдарламаларының халықаралық деңгейдегі тартымдылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ бизнес-білім беруде заманауи цифрлық платформалар мен оқыту технологияларын енгізу бойынша стратегиялық ұсынымдар жасалды.
https://aqparat.info/news/2023/01/27/10466940-v_esil_university_proshel_seminar_s_prof.html