Esil University-де дүниежүзілік сайлаулар күні қарсаңында «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингте Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Әбішев және №134 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы А.Тұяқова сөз сөйлеп, халықаралық сайлау принциптері мен стандарттарын ұлттық мүдделермен үйлестіре отырып, дүниежүзілік қауымдастыққа қосылған тәуелсіз Қазақстанның сайлау жүйесінің қалыптасуының негізгі заңдылықтарын баяндады.


