2026 ж. 14 сәуірЖаңалықтар
Esil University-де құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кездесу өткізілді
«Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру аясында 3-курс студенттері үшін куратор сағаты өтті.
Топ кураторы Муслимбекова М.А. студенттердің жауапкершілік деңгейін арттыруға және қоғамдық мінез-құлық нормаларын сақтауға бағытталған түсіндіру жұмысын ұйымдастырып жүргізді.
Кураторлық сағат барысында белгіленбеген орындарда темекі шегудің жол берілмейтіндігі, санитарлық нормаларды сақтау, қала аумағындағы тазалықты сақтау, сондай-ақ қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге тәртіптік шараларды қоса алғанда, бұзушылықтардың ықтимал салдары түсіндірілді.