Esil University-де Жаңару, көктем және бірлік символы — Наурызға арналған мерекелік концерт өтті.
Салтанатты атмосферада студенттер музыка, би және көркем оқу салаларындағы өз таланттарын көрсетіп, ұлттық нышаны бар жарқын нөмірлер ұсынды.

Іс-шарада университет студенттері арасында өткен ұлттық спорт жарыстарының қорытындысын шығаруға ерекше назар аударылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, олардың салауатты өмір салтына ұмтылысы мен спорттық жетістіктері атап өтілді.
Сонымен қатар, мереке аясында Esil University оқытушылары мен қызметкерлеріне университеттің дамуына қосқан үлестері, қоғамдық өмірге белсенді қатысуы және студенттік іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін алғыс хаттар табысталды.