Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының өкілдерімен кездесуде Esil University-дің бірінші проректоры, профессор Мақыш Серік Бихановичпен және кәсіптік бағдарлау басқармасының басшысы Аханов Берік Өтелбайұлы бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім беру бағдарламаларына этникалық қазақтар арасынан жастарды тарту мәселелерін талқылады.
Бұдан басқа, Esil University-де ашылған «Foundation» орталығы тіл үйренгісі келетін студенттерді қабылдауға дайын екендігі жарияланды. Бұл орталық Қазақстанда жас этникалық қазақтардың білім алуына жағдай жасайды және оларды жоғары оқу орындарына түсуге дайындайды.


