Экономика ғылымдарының докторы, профессор Б.Т. Бисенгалиевтің 60 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде өткен «Менеджмент» кафедрасының секциялық отырысында магистр, аға оқытушы Тулегенова К.Т. «Экспорттық әлеуетті бағалаудың теориялық және методологиялық негіздері» тақырыбындағы мақаласын таныстырды.
Мақалада экспорттық әлеует ұғымының теориялық аспектілері, оны бағалаудың қазіргі заманғы методологиялық тәсілдері, сондай-ақ ұлттық және аймақтық деңгейлерде экспорттық мүмкіндіктерді анықтаудың ғылыми негіздері қарастырылады.


