«Transformation of Pedagogical Theories under the Influence of AI» тақырыбындағы баяндамамен Харьков ұлттық автомобиль-жол университетінің (Харьков қ., Украина) техника ғылымдарының докторы, профессоры Кухаренко Владимир Николаевич сөз сөйледі.
Спикер өз сөзінде жасанды интеллекттің заманауи педагогикалық теорияларға ықпалын, оқыту әдістерінің трансформациясын және зияткерлік технологиялардың қарқынды дамуы жағдайындағы цифрлық дидактиканың даму перспективаларын талдады.

