2026 ж. 27 наурызЖаңалықтар
Esil University-де студенттердің құқықтық мәдениеті мәселелері талқыланды
«Менеджмент» кафедрасында Б-Менеджмент 24/1 К және Б-МЖБ 24/1 К білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері үшін «Құқықтық мәдениеттің қалыптасуы және қоғамдық тәртіп нормаларын сақтау» тақырыбында ашық кураторлық сағат өтті.
Іс-шараның мақсаты студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және заңнама нормалары мен қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапкершілікті қалыптастыру болды.
Кездесу барысында ҚР ӘҚБтК 441-бабына сәйкес белгіленбеген жерлерде темекі шегудің құқықтық салдарлары, санитарлық нормаларды сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қарастырылды. Студенттерге жауапкершілік шаралары түсіндіріліп, университет аумағында тәртіп пен тазалықты сақтаудың маңызы еске салынды.