«Экономика және маркетинг» кафедрасының оқытушысы Наурызбаева А.А. 2-курстың Б ДМ 24/1 және Б ДМ 25/23 топтарымен «Қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтың белгілерін тану» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Студенттер негізгі бағыттармен танысты: - қаржылық пирамидалар мен интернет-алаяқтық ұғымы; - алаяқтық схемалардың негізгі белгілері; – онлайн алдаудың түрлерімен (жалған инвестициялар, фишинг, жалған дүкендер, аккаунттарды бұзу); - ақпарат пен қаржылық ұсыныстарды тексеру тәсілдері; - интернетте қауіпсіз мінез-құлық ережелері.


