«Менеджмент» кафедрасының оқытушылары Ресей экономикалық университеті (Г.В. Плеханов атындағы) экономика ғылымдарының докторы, профессоры Потравный Иван Михайловичтің қатысуымен қонақ дәрісін өткізді.
Дәріс аясында спикер тұрақты даму контексіндегі ресурс үнемдеу мен табиғатты ұтымды пайдаланудың, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі заманғы тәсілдерінің негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі баяндады. Жаһандық сын-қатерлер мен экономика трансформациясы жағдайындағы экологиялық және экономикалық факторлардың өзара байланысына ерекше назар аударылды.

