ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің Астана қаласы бойынша басшысы М. Мусин «Esil» университетінің студенттерімен кездесті.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуын сәтті аяқтаған және оқудағы жоғары көрсеткіштерге жеткен (GPA 3.33) түлектерді мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар ету болды. Ағымдағы жыл ішінде конкурс өткізілмей аудандық және ауылдық жергілікті жерлерде төменгі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.


